Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Алматылық Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетті


Алматылық спортшы Евгений Кошкин Нидерландта өткен «Күміс шар» атты конькимен жүгіру спортынан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

100 метр қашықтықта Кошкин 9,560 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орын алды.

Жарысқа әртүрлі елдерден келген ең мықты конькимен жүгірушілер қатысты. Маусымдағы халықаралық жарыстардың бірі саналатын турнир спортшыларды ірі әлемдік жарыстарға дайындауда маңызды алаң ретінде қызмет атқарады.

Айта кетейік, Евгений Кошкин бұл турнирде қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Елорданың білім беру ұйымдарында 27 мыңға жуық педагог жұмыс істейді

admin_altyalash

Арқар атқан Түркістан облысының тұрғыны мемлекетке 15 млн теңге төледі

admin_altyalash

Қытайға экспортталатын бидайдың көлемі 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылмақ

admin_altyalash