Әлихан Бөкейханов – 160 жыл ұлтына қызмет еткен Әлихан – Altyalash.kz
Thursday, March 19, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әлихан Бөкейханов – 160 жыл ұлтына қызмет еткен Әлихан

18.03.2026
0
Әлихан Бөкейханов – 160 жыл ұлтына қызмет еткен Әлихан

Әлихан Бөкейхан – қазақ тарихындағы ұлт тағдырын ойлаған көрнекті қайраткерлердің бірі. Ол өз дәуірінің күрделі кезеңінде ел тағдырына бейжай қарамай, ұлттың болашағы үшін саяси, ғылыми әрі ағартушылық жолда аянбай еңбек етті. лт мүддесін қорғаудағы қайсарлығы мен табандылығы оның «ұлтқа қызмет ету» қағидасынан айқын көрінеді. Бұл ұстаным оның бүкіл өмір жолының темірқазығына айналды. Биыл алаш көсемінің туғанына 160 жыл толды.

Ә. Бөкейханов – ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының саяси көсемі ғана емес, күрделі тарихи кезеңде ел тағдырын айқындаған кемел тұлға. 1917 жылғы төңкерістерден кейін Ресей кеңістігінде орын алған бейберекет ахуал қазақ даласына да әсер етті. Осындай күрделі кезеңде Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялылары халықты сақтап қалудың, ел болашағын қорғаудың тиімді жолдарын қарастырды. Соның бірі – түрлі саяси күштермен байланыс орнату арқылы ұлттық мүддені жүзеге асыру еді. Бұл бағытта Алаш Орда үкіметі нақты қадамдарға барып, өз дәуіріндегі геосаяси үдерістерден шет қалмауға тырысты. Сол кезеңдегі маңызды тарихи оқиғалардың бірі – Чехословак корпусының көтерілісі. Азамат соғысының өршуіне түрткі болған бұл қозғалыс қазақ даласындағы саяси жағдайға да ықпал етті. Әлихан Бөкейхан осы үдерістерді жіті бақылап, қалыптасқан жағдайды ұлт мүддесі тұрғысынан бағалай білді. Ол кеңестік биліктің әлсіреуін қазақ автономиясын нығайтуға берілген тарихи мүмкіндік ретінде қарастырды. Тарихи деректер Алаш Орда басшылығының, оның ішінде Әлихан Бөкейханның шетелдік әскери құрылымдармен прагматикалық байланыс орнатуға ұмтылғанын көрсетеді. Чехословак легионерлерімен жүргізілген келіссөздер – соның айқын дәлелі. Зерттеуші Дінмұхамед Байжұма Омбы қаласында өткен кездесулердің бірінде Әлихан Бөкейхан еуропалық білім мен мәдениетті меңгерген, саяси сауатты тұлға ретінде ерекше әсер қалдырғанын айтады.

«Бұл кездесу – Алаш Ордамен  чехословак легионерлерінің ортақ мүддеге негізделген байланысының нақты дәлелі ретінде ерекше құнды. И.Дворжак бұл оқиғаны кітабында: «Қазақтармен «ресми деңгейдегі» алғашқы байланысым Омбы қаласында орнады(1918 жыл). Ол кезде әңгіме Чех армиясы үшін Ресейден жылқы жеткізу туралы болатын және сол себепті маған қазақ халқының өкілдерімен қарым-қатынас құруға тура  келді.Алғашында біз қазақтармен келіссөз жүргізу ісі олардың дәстүрлі ру басшыларымен өтеді деп топшыладық өйткені ондай тұлғалармен күнделікті жүздесіп жүрген едік.Сол себепті де алғашқы ресми кездесуде болған жайт мені айтарлықтай таң қалдырды. Белгіленген уақытта алдымызға үш зиялы тұлға келді.Түр-тұлғасынан қазақ екенін аңғартып тұрса да, олардың еуропаша киімі, мәдениеттілігі, сыпайы сөйлесуі мен қоғамдық этикетті еркін меңгергені бізге ерекше әсер етті.Олардың бірі – Алаш Орда үкіметінің төрағасы, білікті заңгер Әлихан Бөкейхан болатын. Қасындағы екеуі  осы үкіметтің мүшелері, Петербург университетін тәмамдаған Айдархан Тұрлыбайұлы мен  Уәлитхан Танаш», – дейді Д. Байжұма Индржих Дворжактың «Қазақтар арасында» еңбегін талдай отырып.

Әлихан Бөкейханның қайраткерлік болмысы осындай тарихи сын сағаттарда айқын көрінді. Ол тек идея ұсынушы емес, сол идеяны жүзеге асыру жолында нақты қадамдар жасаған көшбасшы болды. Ұлттық автономия құру, елдің дербестігін сақтау, халықаралық деңгейде мойындату оның саяси қызметінің негізгі өзегі еді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.