Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Ғылымдағы серпіліс: жас зерттеушілер қатары артып жатыр

фото:ашықдереккөз

Ғылым – адамзат дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Өркениеттің алға басуы да осы саланың жетістіктерімен тікелей байланысты. Бүгінгі жаһандану жағдайында оның рөлі бұрынғыдан да күшейе түсті. Себебі қазіргі кезеңде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік, әсіресе, ғылым мен технология бағытында айқын байқалады.

Елімізде де бұл сала қарқынды дамып келеді. Ғылым саласында еңбек етіп жүрген мамандар саны да айтарлықтай артып келеді. Бүгінде 27 146 ғалым мен ғылыми қызметкер тіркелсе, олардың 47 пайызы – жас зерттеушілер. Бұл – ғылымға жаңа буынның белсенді түрде келіп жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары кадрлық құрамның өсуі айқын байқалады. Мәселен, 2023 жылы елде 22 665 ғалым болса, 2025 жылы олардың саны 25 473-ке жеткен. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 27 мыңнан асып отыр.

Ғалымдарды материалдық тұрғыдан қолдау шаралары да күшейе түскен. Қолданыстағы заңнама аясында ғылыми дәрежелер мен атақтар үшін берілетін үстемақылар көлемі ұлғайтылды. Мәселен, PhD немесе ғылым кандидаты дәрежесіне ие мамандарға 17 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 73 525 теңге қосымша төлем қарастырылған. Ал ғылым докторларына 34 АЕК немесе 147 050 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді. Сонымен қатар, ғылыми атақтарға да лайықты қолдау көрсетілуде. Доценттерге 42 АЕК (181 650 теңге), ал профессорларға 50 АЕК көлемінде, яғни 216 250 теңгеге дейін қосымша ақы белгіленген.

Биыл бұл бағыттағы ынталандыру шаралары өз нәтижесін беріп, 200 ғалым мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұдан бөлек, 50 жас зерттеуші мемлекеттік стипендияға қол жеткізді.

Жас ғалымдарды ғылымда ұстап қалу мақсатында олардың әлеуметтік жағдайына да ерекше назар аударылып отыр. Әсіресе, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Министрлік дерегіне сүйенсек, бүгінге дейін жетекші жас ғалымдарға жалпы саны 646 пәтер берілген. Оның 122-сі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тегін ұсынылса, қалған 524 пәтер Ғылым және жоғары білім министрлігі мен “Отбасы банк” АҚ арасындағы әріптестік негізінде жүзеге асқан жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама арқылы берілген.

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Бейжіңде Дүниежүзілік робот конференциясы және World Robot Contest жарысы өтті.

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШҚЫ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АШЫЛДЫ

admin_altyalash

AI-Sana аясында оқушыларға кәсіптік бағдар беретін ЖИ агент іске қосылды

admin_altyalash