Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Астана Опера» театрында «Мәңгіліктің төрт сыры» балетінің тұсаукесері өтті

«Астана Опера» театрының Үлкен залында қазақстандық хореограф, театр солисі Сұлтанбек Ғұмардың «Мәңгіліктің төрт сыры» балетінің премьерасы өтті. Осылайша, елордалық театр репертуары жаңа қойылыммен толықты.

Спектакльдің өзегіне адам өміріндегі басты рухани құндылықтардың бірі – махаббат тақырыбы арқау болған. Көркем сахналық тіл арқылы қойылым адамдар арасындағы өзара құрмет, түсіністік пен ішкі кемелдікті терең бейнелейді.

«Мәңгіліктің төрт сыры» – Сұлтанбек Ғұмардың алғашқы бір актілі спектаклі. Балеттің эмоциялық әрі философиялық тереңдігін ұлттық әуендерді заманауи классикалық үнмен үйлестірген композитор Хамит Шанғалиевтің музыкасы айқындай түседі.

Театрдың симфониялық оркестрі мен хоры «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің дирижерлігімен өнер көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

20 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

admin_altyalash

БИБІСАРА АСАУБАЕВА – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_altyalash

ҒЫЛЫМ – ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР 3D-ПРИНТЕРГЕ АРНАЛҒАН МАНИПУЛЯТОР ЖАСАДЫ

admin_altyalash