Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай дизайн-коды енгізілуде

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленді. Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын көрнекі шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер ұсынылған.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдары үшін бірыңғай дизайн-код қалыптастырылып, мектептердің ішкі кеңістігін брендбук талаптарына сай кезең-кезеңімен безендіру жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-код мазмұнында бағдарламаның 6 негізгі құндылығын айшықтайтын безендіру үлгілері бар. Заманауи брендбук аясында пән кабинеттері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және пән бағытына сәйкес безендірілуі қажет.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес бастапқы кезеңде брендбук 530 білім беру ұйымында енгізіледі. Қазіргі уақытта 267 мектепте көрнекі элементтерді орналастыру жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта дизайн-код реновация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептерде енгізіліп, кейін кезең-кезеңімен еліміздің барлық білім беру ұйымдарына таратылатын болады.

Айта кетейік, брендбук динамикалық құжат болып табылады және білім беру ұйымдарының ерекшеліктеріне сәйкес үнемі толықтырылып, жетілдіріліп отырады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы мен қаланың өзге де маңызды нысандары қызғылт сары түске көмкерілді.

admin_altyalash

Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

admin_altyalash

Креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отыр

admin_altyalash