Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды – Altyalash.kz
Saturday, March 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды

27.03.2026
0
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды

Алматы қаласында республикалық “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Төрт күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытында ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізді.

     Нәтижесінде, 1 040 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 132 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

     Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауына байланысты болды. Осы санат бойынша 811 шетелдік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, шетел азаматтарының заңды түрде болуын қамтамасыз етпегені үшін 198 қабылдаушы тұлғаға әкімшілік шара қолданылды. Ал шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған 31 жұмыс берушіге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

     Іс-шара барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі әшкереленіп, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.

     Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар көші-қон саласындағы тәртіпті жүйелеуге және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. 

– Негізгі мақсат – тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Біз барлық қатысушылардың жауапкершілігін назарда ұстаймыз: шетел азаматтары да, оларды қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер де заң талаптарын сақтауға міндетті. Заң – баршаға ортақ, – деді полиция қызметкері.

     Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.