Олжас Бектенов Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді – Altyalash.kz
Saturday, March 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді

27.03.2026
0
Олжас Бектенов Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді

Қазақстанның ЕАЭО төрағалығы шеңберінде Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты, оның ішінде өнеркәсіп кооперациясы, технологиялық даму, кедендік реттеу, экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және басқа да мәселелердің кең ауқымы қаралды. 

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырысқа Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттерден – Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар қатысты. 

Отырысты ашқан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған халықаралық ұйым екенін атап өтті. Одақ ЕАЭО елдерінің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өз мақсаттары мен міндеттерін ұдайы жүзеге асырады. Бұл, ең алдымен, тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ортақ нарықты қалыптастыруды қамтиды. Сонымен қатар ЕАЭО ұлттық экономикалардың технологиялық жаңаруына, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға және мүше мемлекеттердің әлемдік нарықтағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген басымдықтарға сәйкес Қазақстан өзінің төрағалығы шеңберінде Одақ қызметінің салаларына жасанды интеллектіні енгізуге, транзиттік әлеуетті ашуға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге, ішкі нарықтағы кедергілерді дәйекті түрде жоюға және сыртқы сауда ынтымақтастығын кеңейтуге баса көңіл бөлуге ниетті.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бері Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мүше мемлекеттердің атына Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтары көрсетілген үндеу жолдады.

Қазақстан өзінің алдына толыққанды цифрлық ел болу жөнінде стратегиялық міндет қойып отыр. Осы мақсатта Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық IT-стартаптар технопаркі саналатын Astana Hub компаниясының негізінде заманауи экожүйе қалыптастырды. Білім беруді, ғылыми зерттеулерді және инновациялық жобаларды қолдау бастамасы біріктіретін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз ЕАЭО бойынша әріптестермен цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау саласында білім мен тәжірибе алмасуға дайынбыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ҚР Премьер-министрі кедендік әкімшілендіру, логистика, өнеркәсіп, АӨК сынды тағы да басқа бағыттарда ЖИ пайдалана отырып, ЕАЭО мемлекеттерін заманауи технологияларға бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.

Одақ елдерінің көлік-транзиттік әлеуетін толық ашу мақсатында ЖИ базасында жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру ұсынылды, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, бизнес шығындарын азайтуға және еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылаудан өтуді растау процестерін толығымен электрондық форматқа көшіру өзара саудадағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ЕЭК-ке Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, қағаз құжаттарға міндетті түрде мөртабан қоюдан бас тартуды және үшінші елдермен ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуді қоса алғанда, осы мәселені жан-жақты пысықтау ұсынылды.

Өнеркәсіп және АӨК саласында бірлескен кооперациялық жобаларды қолдау тетіктері инновациялық бастамаларға және қосылған құны жоғары өндірістерді құруға бағытталуы тиіс. Демонстрациялық орталықтар, стартаптар және салалық құзыреттілік орталықтары арқылы цифрлық шешімдер мен ЖИ-ды пайдалануды ынталандыру қамтамасыз етілуі керек.

ЕАЭО-ның сөзсіз қағидаты тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі болып қалуы тиіс. Комиссия міндеттемелердің сақталуын бақылауда белсенді рөл атқарып, бизнес пен азаматтардың мүдделерін қорғауда жедел әрекет етуі керек. Сондай-ақ сауда саласында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа сыртқы нарықтарға шығуға назар аударылды. Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдері, сондай-ақ беделді өңірлік бірлестіктермен өзара іс-қимыл перспективалы бағыттар деп танылды. Ынтымақтастық экономиканы нығайтуға және халықаралық өндірістік тізбектерді дамытуға ықпал етеді.

Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян қатарлы ресми делегациялардың басшылары сөз сөйледі. Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер делегацияларының басшылары: Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага сөз сөйледі.

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға және мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

ЕҮАК-тың келесі отырысы биыл 6-7 тамыз күндері Шолпан-Ата  қаласында (Қырғызстан) өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алакөлді дамытудың жол картасы бекітілді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.