Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл – сазгердің алғашқы ірі авторлық концерті.

Кеш барысында композитордың туындылары «Saz&Soul» тобы мен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалып, оның шығармашылығын жаңа қырынан танытуға мүмкіндік берді.

Концертте «Қайран көңіл», «Сағым дүние», «Отан Ана», «Жан ана», «Кешір мені», «Аманат», «Аялаған арман-ай», «Сәуле» әндері, сондай-ақ танымал кинофильмдерге жазылған музыкалық шығармалар шырқалды. Кешке қазақстандық танымал орындаушылар мен музыканттар қатысты.

Қуат Шілдебаев – отандық музыкалық өнердің жарқын өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып, кеңінен танылған.

2025 жылы композитордың жеке скрипка мен ішекті ансамбльге арналған «Қаракемер» күйі америкалық Global Music Partnership Press баспасынан жарық көрді. Қ.Шілдебаев осылайша, шығармасы аталған баспа арқылы жарияланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Сонымен қатар «Қаракемер» күйі Нью-Йорк қоғамдық кітапханасының коллекциясына енгізілді. Туындының премьерасы Гарвард университетінде және Бостон бейнелеу өнері музейінде өтіп, қазақстандық композитордың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын айқындай түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Тергеу амалдары бір ретке келуі керек

admin_altyalash

Ер адам Жигули Дайрабаевтың ұлдары оны құлдықта ұстағанын мәлімдеді

admin_altyalash

JOLTAP жобасы астаналық тұрғынға кәсібін кеңейтуге көмектесті

admin_altyalash