Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтарЖаһан жаңалықтарыМәдениет

Қазақстанның белсенді жастары IV «Үндістан – Орталық Азия» форумына қатысты

Қазақстанның белсенді жастары Орталық Азия елдерінен жиналған 100 жас көшбасшының басын қосқан IV «Үндістан – Орталық Азия» жастар форумына қатысты. Форумға қазақстандықтармен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Орталық Азия мемлекеттері арасындағы достық байланыстарды нығайту, сондай-ақ жастарға Үндістанның мәдениеті мен заманауи даму бағыттарын тереңірек таныстыру болды.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар Үндістанның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, соның ішінде, жастар саясаты, спорт және цифрландыру салаларына жетекшілік ететін министрлермен кездесулер өткізді. Сонымен қатар делегаттар жергілікті атқарушы органдардың қызметімен және елдің басты білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты.

Форумның мәдени-танымдық бағдарламасы аясында қатысушылар тарихи маңызы зор көрікті орындарды аралап, Үндістанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл – университеттің ғана емес, тұтас елдің мақтанышы

admin_altyalash

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары

admin_altyalash

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады

admin_altyalash