Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

Алматының халықаралық мәдени байланысы нығайа түсуде

Алматының JOLDA DANCE THEATRE ұжымы Германияда өткен заманауи би өнеріне арналған халықаралық schrit_tmacher Festival фестивалінің 31-ші маусымына қатысып, «TAMYR» спектаклін ұсынды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.

Қойылым 13-14 наурыз күндері Аахен қаласында (Германия) аншлагпен өтті. Спектакль St. Nikolaus шіркеуінің ерекше кеңістігінде сахналанды. Қойылым үшін жасалған уақытша сахналық құрылым ғимараттың сәулеттік болмысымен үйлесім тапты.

Еуропалық басылымдар бұл қойылымды фестиваль аясындағы айтулы оқиғалардың бірі ретінде бағалады. Хореография, вокал мен музыканы тоғыстырған туынды қазақ халқының терең рухани тамырын заманауи көркем тілмен өрнектеді. Әсіресе, режиссер Жанна Төлендінің көркемдік шешіміне де ерекше назар аударылды.

Фестивальдің ресми бағдарламасына қатысу — театрдың халықаралық шығармашылық жолындағы маңызды белес. Бұған дейін ұжым Almaty Creative ұйымының қолдауымен Avignon Off Festival фестивалінде де өнер көрсеткен болатын.

Алматылық театрдың бұл сапары Қазақстанның заманауи өнерін Еуропа сахнасында таныстырып қана қоймай, Алматының халықаралық мәдени байланысын да нығайта түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

admin_altyalash

Бес адам көз жұмды: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

admin_altyalash

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды

admin_altyalash