Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

Алматыда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады. Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен «Дарын» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын.

«Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін», – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорттағы жоғары жетістіктері үшін талантты жастарға табысталады.

Ұқсас жаңалықтар

Тәуелсіз сарапшылар институтын толық көлемде енгізу көзделген

admin_altyalash

НҰРСҰЛТАН ТҰРСЫНОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА

admin_altyalash

Ұлттық ұлан өкілдерінің арасында келешегі зор жаңа буын спортшылар да бар

admin_altyalash