Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Жыл басынан бері айналымға шамамен үш тонна есірткі жіберілмеді

gov.kz

Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда.

– Биыл үш айда 34 жасырын есірткі зертханасы жойылды: 10-ы синтетикалық есірткі өндіру бойынша, 24-і – фитозертхана. Мысалы, Талдықорған қаласында шетел азаматтары бірден екі есірткі зертханасын ұйымдастырған. Жабдықтар, реагенттер және дайын есірткі өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекеттері DarkNet арқылы жүргізілген.

Жалпы заңсыз айналымнан шамамен үш тонна есірткі, оның ішінде 840 килограмм синтетика тәркіленді. Бұл үш миллионнан астам бір реттік дозаға тең. Есірткі бизнесіне келтірілген шығын 29 миллиард теңгеден астам.

11 тонна прекурсор айналымға жіберілмеді. Шамамен 6 мың қазақстандық және 108 мың шетелдік карт-шот бұғатталып, олар бойынша барлық транзакция түріне шектеу қойылды. 93 миллион теңге көлеміндегі қаражат тоқтатылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

«TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды

admin_altyalash

10 игі іс: еріктілер Астана тұрғындарына аязды күндері қалай көмектесіп жүр

admin_altyalash

Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады

admin_altyalash