Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Іс-шара «Жаңа толқын» жобасы аясында өтті

фото:gov.kz
Түркістан қаласында жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» заманауи жұптар байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара «Жаңа толқын» жобасы аясында өтті.
Байқауды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і, «Respublica» партиясы және «Re Jastary Turkistan» облыстық ұйымы ұйымдастырып, «Re.Women» әйелдер қауымдастығы қолдау көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, махаббат пен адалдық, сыйластық пен үйлесімді насихаттау.
Шара «Достық үйі» ғимаратында ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында қатысушы жұптар 4 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, «Өзін-өзі таныстыру», «Өнер – ортақ тіл», «Береке – бірлікте», «Сұрақ-жауап және мақал-мәтел жалғастыру».
Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтарын, сахна мәдениетін және жұптық үйлесімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Сайысқа бас-аяғы 7 жұп, оның ішінде 1 жұп студенттік Ассамблеядан қатысып, өнер көрсетті.
Байқау соңында үздік жұптар арнайы номинациялармен және жүлделі орындармен марапатталды. Ал бас жүлде иегерлері 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Аталған кеш тек сайыс қана емес, жастардың өнері мен мәдениетін, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастықты дәріптеген маңызды мәдени шара ретінде ерекшеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрғиса Тілендиевке арналған бұл қойылым – театр репертуарындағы айрықша туынды

admin_altyalash

Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

admin_altyalash

Алматыда бұрын да жер сілкінген, бүгін де сілкінді, сілкіне де береді – сейсмолог

admin_altyalash