Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетРуханият

Қазақстанда демалыс күндері «Weekend. Book. Vibes» атауымен Ұлттық кітап күні қарсаңында іс-шаралар өтеді

фото:gov.kz

Ұлттық кітап күні қарсаңында демалыс күндері ел көлемінде «Weekend. Book. Vibes» атауымен іс-шаралар ұйымдастырылады. Аталған бастама кітап оқуды насихаттауға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және балалар мен жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталады.

Бұл күндері республика бойынша кітапханаларда, мәдениет ошақтарында және білім беру ұйымдарында ашық аспан астында кітап оқуға арналған алаңдар, шығармалар негізінде түсірілген фильмдердің көрсетілімдері, кітап клубтарының басқосулары, балаларға арналған түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Абай облысында балаларға арналған «Кітап оқу алаңдары» акциясы мен «Демалыс пен кітап – шабыт үндестігі» атты поэзия кеші өтеді. Ақмола облысында «Мен әлемді кітап арқылы білемін» әдеби кеші және «Quiz book: Білім бәйгесі» зияткерлік ойынын өткізу жоспарланған. Ақтөбе облысында «Кітап – трендте!» әдеби-танымдық кеші өткізіледі. Батыс Қазақстан облысында балалар мен оқушыларға арналған «Кітап кейіпкерлері сөйлейді» атты іс-шара ұйымдастырылады. Жетісу облысында «Ақындар мұрасы» поэзия кеші мен зияткерлік ойындар өтсе, Қызылорда облысында «Кітап – сарқылмас қазына» оқу марафоны өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Сәтбаев университеті Мемлекет басшысының халыққа жолдауын талқылады

admin_altyalash

Қазақ диаспорасы балалары арасындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті

admin_altyalash

Этномедиация – татулыққа бастар жол

admin_altyalash