Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Моңғолия Президентінің сапары елдер арасындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында болып, еліміздің жасанды интеллект пен инновация саласындағы негізгі цифрлық бастамаларымен және жетістіктерімен танысты.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елдің цифрлық дамуының негізгі бағыттарын, соның ішінде GovTech саласындағы жетістіктерді, жасанды интеллект экожүйесін дамытуды, сондай-ақ кадрлар даярлау мен AI-шешімдерді енгізу бойынша ұлттық бастамаларды таныстырды.

Қонақтарға орталықтың негізгі кеңістіктері көрсетілді. Жасанды интеллектпен танысу Сингулярлық мұражайынан басталды, онда AI-дың XVII ғасырдағы философиялық идеялардан бастап қазіргі нейрондық желілер мен генеративті модельдерге дейінгі эволюциясы ұсынылған. Мәртебелі меймандар AI Cinema залында 180° проекциясы бар алғашқы қазақстандық технологиялық юникорн Higgsfield AI платформасында жасалған контентті тамашалады.

Моңғолия делегациясына сондай-ақ, Astana Hub қатысушыларының жобалары көрсетілді:

  • Blink – ұйымдарға арналған, жабық инфрақұрылымда (on-premise) орналастырылатын және компанияның біртұтас «миы» ретінде жұмыс істейтін B2B AI-интеллект.
  • Armeta – PDF форматындағы инженерлік сызбалар мен P&ID схемаларын «оқитын» және оларды есептеулер, сатып алулар мен жобаларды басқару үшін автоматты түрде құрылымдалған деректерге айналдыратын AI-платформа. Ол инженерлердің уақытын айтарлықтай үнемдеп, қателіктер мен материалдардың артық шығынын азайтады.
  • AMAN – балалар мен ересектерге арналған цифрлық және физикалық қауіпсіздік экожүйесі.

Бөлек блок ретінде Astana Hub халықаралық инновациялық кластері қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Кластердің бас директоры Мағжан Мәдиев технологиялық кәсіпкерлерді қолдауға арналған экожүйенің қалыптасуы және стартаптардың өсуі мен жаһандық нарықтарға шығуы үшін жасалған жағдайлар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, делегация сапары аясында Presight компаниясы жаңа буынның зияткерлік қалалық инфрақұрылымын құруға бағытталған ауқымды бастама – Astana Smart City жобасын таныстырды. Жоба қаланың негізгі жүйелерін біртұтас AI-платформаға біріктіріп, нақты уақыт режимінде басқаруды қамтамасыз етеді және қалалық сервистердің тиімділігін арттырады. Astana Smart City жасанды интеллектінің қала деңгейіндегі тәжірибелік қолданысын көрсетіп, жекелеген цифрлық шешімдерден «ақылды» және тұрақты дамудың кешенді моделіне өтудің үлгісі ретінде қызмет етеді.

Моңғолия Президентінің сапары елдер арасындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды және Қазақстанның жасанды интеллект пен инновацияларды дамытудың өңірлік орталығы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін айқындады.

Ұқсас жаңалықтар

Болашақтың ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

admin_altyalash

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы

admin_altyalash