Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениетРуханият

Ақтөбеде ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті

Ақтөбеде Ұлттық кітап күніне орай «Астана» саябағында «Neo kitap: Жаңа буын. Жаңа көзқарас» атты кітап фестивалі өтті.

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Ашық алаңда өткен фестиваль кітапсүйер қауымды бір ортаға жинап, оқырмандар аймағы мен кітап жәрмеңкесі арқылы келушілердің қызығушылығын арттырды.

Кеш барысында жас ақындар өлең оқып, әсем әуендер шырқалды. Сонымен қатар, ақтөбелік жас жазушы Әлихан Жақсылық «Сені іздедім» атты кітабының таныстырылымын өткізді.

Шараның басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру және рухани дамуға бағыттау.

Ұқсас жаңалықтар

Тігіншілікпен айналысатын ерекше азамат

admin_altyalash

Елордада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтті

admin_altyalash

Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

admin_altyalash