Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоКультураӨнер

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Алматыда Алатау ауданындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында жаңа жазғы фестивальдық жоба ашылды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Ашылу салтанатында көрермендер алдында қазақстандық танымал өнерпаздар Қайрат Нұртас, Луина, Айдана Меденова, ALFA тобы, Ұланғасыр Қами, Аман Ахмет, Arsenaleen, IGIGAI, Akbotiz және DJ Akhmetoff өнер көрсетті. Сонымен қатар концерттік бағдарламаға «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері де қатысты.

Жобаның басты ерекшелігінің бірі – оның Алатау ауданында өткізілуі. Жаңа фестивальдық алаң аудан тұрғындарына ауқымды мәдени іс-шараларға өз үйлеріне жақын жерде қатысуға мүмкіндік беріп, отбасылық және жастар демалысына арналған қосымша кеңістікке айналады.

Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, фестиваль қаланың мәдени өмірін дамытуға және Алматының әртүрлі аудандарындағы тұрғындар үшін мәдени іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жазғы маусым бойы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Open Air форматындағы концерттер өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан избран в Совет почтовых операций Всемирного почтового союза

admin_altyalash

Неправительственные организации Казахстана обсудили Послание Президента РК

admin_altyalash

Аскар Мамин принял участие в глобальном саммите по изменению климата COP26

admin_altyalash