Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 27, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ

16.01.2025
0
Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ
Фото: inbusiness.kz
Ә.Қопабаев халықаралық консалтингтік және IT компанияларда қызмет атқарған

29 жастағы ақтөбелік Әділхан Қопабаев әйгілі Apple компаниясының Орталық Азия мен Армения аймағындағы қызметін қадағалау бойынша басшылық қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Altyalash.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Әділхан Қопабаев Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ атанды.

Бұл қуанышты жаңалықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

– Отандасымыз, digital nomad Әділхан Қопабаев Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымын. Енді Әділхан Орталық Азия және Армения аймағын қадағалайтын болады. Бұл жаңа кезең оған көптеген жетістіктер мен кәсіби өсу әкелсін, – деп жазды министр.

Әділхан Қопабаев 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технологиялар институтын (UNIST) «қала инженері және технологиялық менеджмент» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Ол – UNIST Global Uni-Star атты беделді стипендияның иегері.

2021 жылы АҚШ-тың Провиденс қаласындағы Браун университетінде мемлекеттік басқару магистратурасын аяқтап, Рокфеллер қорының стипендиясына ие болды.

Apple компаниясына дейін Ә.Қопабаев халықаралық консалтингтік және IT компанияларда қызмет атқарған. 2023 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігіне қарасты «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығын» басқарды және Қазақстанның мұнай-газ саласының «Жағдайлық-талдау орталығы» басқармасының төрағасы болды.

2024 жылы Әділхан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты кеңесінің құрамына енді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.