Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл

21.01.2025
0
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл

2025 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Музейде 26 мыңнан астам өнер туындысы бар. Онда қазақ халқының өнері мен рухани мұрасын қамтылған. Туындылар қатарында кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер жауһарлары ұсынылған. Олардың ішінде Қазақстан өнерінің алтын қорына енген түпнұсқа жауһарлар бар.

Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері – ежелгі дәуірден келе жатқан және біздің заманымызға дейін сақталған руханият пен дәстүрдің ұлттық бастауы саналатын маңызды бөлімді ұсынады.

90 жылдыққа орай музейдің бай тарихы мен көпқырлы қызметін айшықтайтын кең ауқымды бағдарлама әзірленді.

Айтулы оқиғалардың бірі – «Қазақстанның заманауи өнері» атты жаңа залдың ашылуы. Бұл экспозиция еліміздің жетекші суретшілерінің шығармаларын қамтиды.

Сондай-ақ, музей тарихы мен өркендеуіне арналған ретроспективті фотокөрме өткізу жоспарлануда. Көрмеде бірегей мұрағаттық құжаттар көшірмесі, фотосуреттер ұсынылады. 1935 жылдан басталған ғылыми, қор сақтау, көрме ұйымдастыру және экскурсиялық қызметтерге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, осы күнге дейін өткізіліп келе жатқан көптеген көрме жобалары мен ауқымды іс-шаралардың фотосуреттері көрсетіледі. Бұл көрме музейдің бүгінге дейінгі тарихы пен өркендеу жолына арналған.

Тағы бір көрме Қазақстанның бейнелеу өнері тарихында есімдері қалған суретшілердің мерейтойларына арналады.

Бұдан бөлек, «Қазақстанның заманауи сәндік-қолданбалы өнері» атты екі томдық каталог шығару жоспарлап отыр. Каталогта металдан, тастан, ағаштан, былғарыдан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, керамика, фарфор, шыны, гобелендер, киізден, жүннен және шиден жасалған сәндік панельдер бар. Туындылар 1938-2020 жылдар аралығын қамтиды.

Ал «Жанданған жауһарлар» көрмесінде 100-ге жуық реставрацияланған туынды ұсынылады. Кескіндеме, графика, мүсін және қолөнер, тоқу, зергерлік, киізден жасалған бұйымдар және т.б. реставрация жұмыстары сипатталған төлқұжаттарымен, «дейін» және «кейін» фотосуреттерімен бірге жүреді. Көрмеге көптеген жұмыстарға экспозициялық көрініс беріп, көп күш жұмсаған, елеулі еңбек сіңірген аға буын реставраторлары шақырылады.

Мерейтойлық жылда Қазақстан мен әлем арасындағы мәдени диалогты нығайтуға бағытталған бірқатар ірі халықаралық жобалар жүзеге асырылады.

Жылдың маңызды жобаларының бірі – Мемлекеттік Третьяков галереясында өтетін музей қорындағы Әбілхан Қастеев жұмыстарының көшпелі көрмесі. Онда шебердің 50 графика және акварель жұмыстары ұсынылады. Ретроспективалық көрмеде ресейлік көрермен суретшінің шығармашылық дамуының барлық кезеңдерін тамашалай алады.

Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған Өзбекстан мәдениет және өнерді дамыту Қоры ұйымдастырған халықаралық жоба Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші музейлерінің коллекцияларын біріктіреді.

Қытай Ұлттық музейінің халықаралық көрмесінде қытайлық ерекше кескіндеме, мүсін, гравюра, композициялық материал, акварель, гуашь және лак кескіндемесі секілді 50-ден астам туынды ұсынылады.

Маңызды ғылыми оқиға – жыл сайынғы «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы. Дәстүрлі іс-шарада музей ісін зерттеушілер мен өнертанушылар бас қосады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жамбыл облысы – ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Экологиялық жағынан қарағанда, сөндірілмей тұрған көлік экологияны ластайды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.