Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамЭкономика

Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр

Бір жыл ішінде электр тоғының қуатымен жүретін автокөлік құралдарының саны 1,6 есе өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған. Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен.

Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады.

Бүгінгі таңда жүк тасушы электромобильдер саны – 338 бірлік, автобустардікі – 130 бірлік.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

admin_altyalash

Елорда прокуратурасымен 280 инвестордың құқығы қорғалды

admin_altyalash

Алтын арзандап жатыр

admin_altyalash