Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз

27.01.2025
0
Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жедел жәрдем қызметінің маңызы туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жедел жәрдем қызметкерлері тұрғындарымызға алғаш болып медициналық көмек көрсетеді. Олардың жұмысы өте ауыр әрі жауапты. Дегенмен, тұрғындар тарапынан жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысына, әсіресе станцияның автопаркіне негізделген шағымдар түседі.

Мәселен, жедел жәрдем станциясының автопаркі 146 автокөліктен тұрады. Олардың бір бөлігі жөндеуді қажет етеді.

Биыл автокөлік санын арттыру үшін 47 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Олардың 27-сі қазірдің өзінде жеткізілді, тиісінше шақыртуларға шығуға дайын. Қалған бөлігі алдағы аптада жеткізіледі. Көліктердің бәрі шақыртуларға жылдам әрі тиімді көмек көрсететін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сол сияқты жақын арада қолда бар 20 көлік те жөндеуден өтеді.

Соңғы жылдары жедел жәрдем паркі 90 автокөлікпен жаңартылды. Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Біз медицина қызметкерлері мен науқастарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алдағы жылдары Астанада бірқатар денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде перинаталдық орталықтар, емханалар, көпбейінді ауруханалар, олардың бірі – балалар ауруханаларын салуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Астана әкімі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сақ болыңыз және күмәнді ұсыныстарға алданбаңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.