Басты міндет – балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Басты міндет – балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру

28.01.2025
0
Басты міндет – балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру мәселелері, өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Астана қаласы білім басқармасы басшысының мәліметінше, өткен жылы елордада 24 жаңа мектеп ашылды, оның 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мемлекеттік тапсырыстың артуы және ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы балабақшалардағы кезектілік саны екі есе қысқарды. 20 балабақшада «Тілге бойлау» жобасы жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада алты бағыт бойынша 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Мектептер мен колледждерде «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыру жалғасуда. Сондай-ақ биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 10 мың орынға ұлғайту жоспарлануда. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру жүйесін дамытудың негізгі міндеттері мен басымдықтарын атап өтті. Ол жергілікті әкімдікпен бірлесіп, елордалық білім беру жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін және оның өзекті мәселелерді кешенді шешуді көздейтінін атап өтті.
«Басты міндет – балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру. Елорданың білім беру жүйесі басқа өңірлер үшін үлгі болуға тиіс. Министрлік әкімдікке одан әрі қолдау көрсетуге дайын. Бірлескен жұмыстардың арқасында қалада үш ауысымды төрт мектеп пен орын тығыздығы сақталған алты мектептің мәселесі шешілді. Сонымен қатар жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оның ішінде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде», – деп қорытындылады министр.
Бүгінгі таңда Астананың 877 білім беру ұйымында 400 мыңға жуық бала оқиды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық. 2027 жылға дейін 131 мың оқушыға есептелген тағы 63 мектеп салу жоспарлануда.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Із-түссіз жоғалған жас қызды үздіксіз іздеу нәтижесінде аман-есен тауып, анасымен қауыштырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.