Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда азаматтық қоғамның даму қарқыны өте жоғары

фото:автордан

5-ші “ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы” БҰҰ агенттіктері мен азаматтық қоғам ұйымдарының 150-ден астам өкілінің басын қосты, деп хабарлайды Altyalash.kz. Алматыдағы BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева елімізде азаматтық қоғам, қоғамдық кеңестің даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Бұл форум бізге керек жиын. Іс-шарада айтылып, талқыланып жатқан мәселелер өте өзекті. Орталық Азияның азаматтық форумы дамитын болса, онда мемлекеттерде мықты болмақ. Сонымен қатар Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның елдері жақсы қарым-қатынаста бола бермек. Қазақстанда азаматтық қоғамның даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары бірталай заңнама өзгертілді. Конституцияға енгізілген өзгерістердің арқасында қазіргі таңда бірталай жақсы заңдар шыға бастады. Оның ішінде қоғамдық кеңес жайлы айтылған. Қоғамдық кеңес дұрыс жұмыс істеу үшін оның құрамы 100% қоғам өкілдерінен құралу керек. Әлі күні бізде 70%-ы қоғам өкілдері ал қалғандары мемлекеттік органдар немесе басқа саладан келген. Бізде сондай-ақ қоғамдық қабылдау жайлы заң қабылданды. Біздің елімізде қоғамдық қабылдау өте жақсы жолға қойылған. Алыс-жақын елдердің адамдары біздің қоғамдық ұйымдардың жақсы жұмыс істеп жатқанын айтып, бізге қызыға қарап жатады, – деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы маусымы белгіленген жоспарға сәйкес өтіп жатыр

admin_altyalash

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді

admin_altyalash

Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады

admin_altyalash