Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматы ұсталды

Сурет: Polisia.kz
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматыда алаяқтық жасаған шетел азаматы анықталып, одан  2 мың sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады,  Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды”, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оның алаяқтық істерінің құрбандары туралы толық тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұл бала үшін аз ақша беріп тұрсыз»: Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені белгілі болды

admin_altyalash

«Теңге ілу» федерациясы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

admin_altyalash

Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие

admin_altyalash