15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды

31.01.2025
0
15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды

«Лудоманияға қарсы күрес мақсатында былтыр ойын бизнесі және лотерея салаларында ауқымды заңнамалық түзетулер қабылданды. 8 кодекс пен 14 заңға букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеуді, мемлекеттік қызметшілер мен борышкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды, ойын бизнесі субъектілерінің жауапкершілігін күшейтуді, онлайн-казинолар пайдасына транзакцияларды бұғаттауды көздейтін 150 түзету енгізілді.

Түзетулер қазақстандықтардың мүдделері мен денсаулығын қорғауға, жауапты ойын мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр. Шілде мен қыркүйек аралығында ойын бизнесі субъектілеріне, отандық БАҚ-та және мемлекеттік органдарға заңның жаңа нормалары түсіндірілді. Жарты жылдың ішінде новеллалар өздерінің өзектілігін дәлелдеді».

«Материалдық берешегі бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталуда.

Борышкерлерден бәсті қабылдау 80 фактісі бойынша 5 букмекерлік кеңсеге қатысты әкімшілік іс қозғалды, 1 субъект жауапқа тартылды. Борышкерлерден бөлек 85 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерге, 70 мың әскери қызметшілерге, 100 мыңға жуық құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды».

«Қызметті автоматтандыру әрі шектеу мерзімін ұзарту өзін-өзі шектегендердің санын 3 мыңнан 188 мың адамға дейін ұлғайтты. Азаматтардың өтініштері бойынша өзін-өзі шектеу мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. 12 мың азамат жаңа норманы пайдаланып, өздерін бір жылдан астам мерзімге шектеді. Қазіргі уақытта букмекерлік кеңселердің клиенттерін өзін-өзі шектегендер тізімімен автоматты түрде сәйкестендіру бойынша пилот іске асырылуда».

«Азаматтардың бәс тігуге қатысуын бақылауды бірыңғай есепке алу жүйесі атты төлем және мониторинг платформасы қамтамасыз етеді. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен және букмекерлердің электрондық кассаларымен интеграцияланады. Букмекерлік кеңсенің әрбір клиенті жүйеде бақылаудан өтеді. 21 жасқа толмаған тұлғалар, өзін-өзі шектегендер, борышкерлер және мемлекеттік қызметшілер бәс тігуге қатыстырылмайды.
Сонымен қатар есепке алу жүйесі букмекерлік кеңселердің қаржылық айналымын бақылау арқылы мемлекеттік кірістер мен қаржы мониторингі органдарының жұмысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек есепке алу жүйесі интернетте мониторинг жүргізіп, интернет-казинолар туралы мәліметті автоматты түрде Ақпарат министрлігіне жолдайды. Жүйені биыл іске қосу жоспарлануда».

«2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңгеге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Комитет құрылғанға дейін заңсыз лотереялармен ешкім айналыспағанын атап өту керек. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы. Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз».

«Комитеттің тапсырысы бойынша құмар ойындарға құштарлықтың себептері мен ауқымын түсінуге арналған алғаш республикалық әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Зерттеу 18 бен 65 жас аралығындағы 6 мың респондентті қамтыды. Талдау нәтижелері наурызда жарияланады.

Педагогтар мен психологтардың қатысуымен лудоманияның алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, республикалық семинар өткізілді, мұғалімдер мен ата-аналар үшін Министрліктің сайтында қолжетімді бейнесабақтар дайындалды. Әзірленген әдістеме негізінде Оқу-ағарту, Ақпарат, Жоғары білім және Қорғаныс министрліктері ауқымды тәрбие жұмыстарын жүргізуде».

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ресми түрде аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары ұлттық тағам жейтін болады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.