«Жайлы мектеп» еліміздің білім беру жүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

«Жайлы мектеп» еліміздің білім беру жүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

03.02.2025
0
«Жайлы мектеп» еліміздің білім беру жүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Жайлы мектептер үздік білім беру тәжірибелерін тарата отырып, Қазақстанның барлық орта білім беру ұйымдары үшін тірек мектептерге айналады. Осылайша, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сапалы білім беру кезең кезеңмен жүзеге асырылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.
«Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 3-4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық – эргономикалық кеңістіктің құрылуы», – дейді оқу-ағарту министрлігінің инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.
Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.
Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блоктан оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптар мен үстел ойындары қойылған.
Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Ұлттық жоба әрбір оқушының толыққанды білім алуына, шығармашылық тұрғыда және жеке тұлға ретінде дамуына жағдай туғыза отырып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақ киносының күндері басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржы пирамидасының жетекшісі Қырғызстаннан экстрадицияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.