Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өз бақылауындағы аумақтарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова жазды.

Түбіртек барлық төлемдерді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.

Вице-министр атап өткендей, біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қол жетімді.

«Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекендерде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз», – деді Ж.Дүбірова.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгінгі ұстаз – болашақтың сәулетшісі

admin_altyalash

Нартай Сәрсенғали –Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның басты авторы

admin_altyalash

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

admin_altyalash