Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгілі болды

Сурет: time.kz
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің орны мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Altyalash.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы белгілі инсайдер Майкл Копинджер ақпарат таратты.

Отандасымыз (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (13-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Qazaq Style «Барыс Аренада» өтетін жекпе-жекте WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан. Отандасымыз WBO чемпиондық атағын бесінші рет, IBF белбеуін екінші рет қорғайды.

Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген боксшы. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

admin_altyalash

Бүгінгі бастама – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, өңіріміздің экономикалық әлеуетін, халықтың әл-ауқатын арттыратын стратегиялық маңызды қадам

admin_altyalash

“ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫ 2025 – ҚЫЗЫЛОРДА” ФОРУМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

admin_altyalash