Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетРуханиятФотогалерея

Биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр

Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.

Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіледі

admin_altyalash

Оқу жылына дайындық пысықталды

admin_altyalash

Абай облысының ақындары республикалық командалық айтыстың келесі кезеңіне өтті

admin_altyalash