Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Алтын-Емелдегі құландар саны 3,6 басты  құрады

Жыл сайынғы  қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» РМҚК,  Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар  ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.

Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар  мекен ететіні анықталды. Ал, Алтын-Емелдегі құландар саны 3,6 басты  құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта  жіберуге мүмкіндік береді.

Мәселен, былтыр  87 бас жануар  “Алтын дала”, “Іле-Балқаш” резерваттарына және “Созақ” орманшылығына аттандырылды.

Естеріңізге сала кетейік, іс – шараның негізгі мақсаты-еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасының басталуын талқылады

admin_altyalash

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ШАХМАТШЫЛАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН ТАБЫЛДЫ

admin_altyalash