Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарКәсіпҚоғам

Еңбек адамы: Оразбекова Ботакөз Шолпановна

Су шаруашылығында 40 жылға жуық еңбек етіп, саланы дамыту ісіне көп үлес қосқан маман.

Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтында инженер-гидротехник мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1985 жылы Талдықорған қаласындағы «Казгипроводхоз» филиалының инженері болып бастады.

Білікті маман ретінде өзіне жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен атқарып, алдына қойған кәсіби мақсаттарды жоғары деңгейде жүзеге асырды.

2023 жылы «Су шаруашылығының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінде қызмет атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді: тозу деңгейі төмендеп, коммуналдық қызметтердің сапасы артып келеді

admin_altyalash

Отбасы берік болса — мемлекет те қуатты болады

admin_altyalash

Олжас Бектенов Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді

admin_altyalash