Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Күн энергиясы – әлемдегі ең таза және жаңартылатын энергия көздерінің бірі

Астана қаласының №49 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сұлтан Ибраһим ерекше және инновациялық жоба ұсынып, ғылыми шығармашылығы мен техникаға деген қызығушылығын тағы бір рет дәлелдеді. Ол ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның мақсаты – экологияны сақтау және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Сұлтанның бұл құрылғысы күн энергиясын электр энергиясына айналдырып, ұялы телефондарды қуаттауға мүмкіндік береді. Құрылғының жұмысы күн сәулесін сіңіріп, арнайы панель арқылы электр энергиясын түрлендіреді, бұл энергия ұялы телефонды зарядтауға жеткілікті болады.

Сұлтан Ибраһимнің бұл бастамасы тек ғылыми жетістік қана емес, сонымен қатар экологиялық таза технологияның дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады. Қазіргі уақытта күн энергиясы – әлемдегі ең таза және жаңартылатын энергия көздерінің бірі. Сондықтан да мұндай құрылғылар экологиялық мәселелерді шешуге және энергия тұтынудың тиімді әдістерін дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абаттандыру ең маңызды міндеттердің бірі, оны бірінші кезекте орындау қажет

admin_altyalash

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

admin_altyalash

Маңғыстаулық жастарға 2000 нысаналы грант бөлінді

admin_altyalash