Шымкент қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен агроөнеркәсіптік кешен нысандарына пресс-тур өтті.
БАҚ өкілдері аграрлық сектордағы кәсіпорындарды аралап, инновацияларды енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижелерімен танысты.
«Izmir Trade» ЖШС
Компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде заманауи технологияларды қолданады. Зауыт тәулігіне 3,5 тонна сүт өнімін, жылына 600 тонна ірімшік шығарады. Өнімдер Шымкент, Алматы, Астана, Тараз және Қызылорда қалаларына жеткізіледі. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады.
«BIO Food KZ» ЖШС
Компания экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруге маманданған. Кәсіпорын басшылығы экологиялық өнімдер нарығын дамыту стратегиясын таныстырып, өнімдерінің артықшылықтарын көрсетті.
Өндіріс қуаттылығы: тәулігіне 25 тонна
Өнімдер: сүзбе, ірімшік, чечил, сары май
Нарық: Қазақстан өңірлері
«IGM Corporation» ЖШС өнеркәсіптік жылыжай кешені 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Жоба қуаттылығы: жылына 1000 тонна (қияр мен қызанақ)
«Аймар Құс» ЖШС
Кәсіпорын құс шаруашылығы және жұмыртқа өндірісімен айналысады. Пресс-тур қатысушылары құс өсіру технологияларымен, ветеринарлық бақылау шараларымен және өнім сапасын қамтамасыз ету процестерімен танысты.
Жоба қуаттылығы: жылына 72 млн жұмыртқа