Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.

Алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.

Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қатерлі ісіктер әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі болып отыр

admin_altyalash

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

admin_altyalash

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

admin_altyalash