Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған

Астанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайында «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы таныстырылды.

Кітапта мәтін жазудың негізгі ұстанымдары топтастырылып, тақырыпты түсіну, ойталқы жасау және әдебиет таңдау талаптарынан бастап, академиялық стильге тән сөз саптауға дейінгі тақырыптар қамтылған. Бұл кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған.

Айта кету керек, жарыққа шыққан еңбек алдағы уақытта ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеуорталықтары кітапханаларының қорын толықтырады. Академиялық мәтін жазуға қызығатын көпшілік кітаптың электрондық нұсқасын ҚҚДИ-дің ресми сайтынан (kipd.kz) оқи алады.

Кітапты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірледі.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда

admin_altyalash

Президент Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

admin_altyalash

Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді

admin_altyalash