Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.

Отырыс барысында заңның негізгі мазмұны талқыланды. Онда ұлттық құрамалардың жетістіктері негізінде спорттың басым түрлерін анықтау, спорт федерацияларының мәртебесін өзгерту, жоғары жетістікке жеткен спортты қаржыландыру, сондай-ақ спорт ұйымдарының қызметін реттеуді күшейтуге мән берілді. Федерацияларды тіркеу, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Депутаттар бюджеттен қаржы бөлуді оңтайландыру заңның маңызды бөлігі екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары емес спортшыларды мемлекеттік қаржысы есебінен қаржыландыруға тыйым салу, сондай-ақ қаржыны балалар мен жасөспірімдер спортының пайдасына қайта бөлу көзделіп отыр.

Заңға сонымен қатар туризм және спорт министрлігінің құзыретін, сондай-ақ спорт медицинасы мен оңалтуды дамытуға бағытталған ережелерді нақтылау жөніндегі түзетулер де енгізілген.

Отырыс соңында дене шынықтыру мен спортты дамытудың кешенді тәсілі өңірлердегі экономикалық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

admin_altyalash

Былтырғы пияз – биыл кірпияз

admin_altyalash

Украинаға көрсетілген көмек Ұлыбритания мен бүкіл Еуропа құрлығының қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді

admin_altyalash