Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.

Ұқсас жаңалықтар

ДСМ: Жаңа уақыт белдеуі қазақстандықтардың денсаулығына кері әсер етіп жатқан жоқ

admin_altyalash

«Рухани келісім – адам, табиғат және технология арасындағы үйлесімділіктің негізі» тақырыбында халықаралық конференция өтті

admin_altyalash

Биылдан бастап көпбалалы отбасылар 274 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

admin_altyalash