Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отыр

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында елімізде жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Министр Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында креативті индустрияны қолдаудың арнайы институтын құруды тапсырғанын атап өтті. Осылайша, заңнамаға сәйкес, креативті индустрияны дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға – Креативті индустрияларды дамыту қоры болады. Қор Қазақстанның жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады және негізгі 4 бағыт бойынша қызметті жүзеге асырады:

  • Таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу).
  • Жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және инкубациялау, коммерцияландыру, инвестиция тарту).
  • Инфрақұрылымды дамыту (хабтар желісін кеңейту, тұрақты арт-алаңдар құру, мемлекеттік мүлікке қол жеткізуді қамтамасыз ету).
  • Экспортқа қолдау көрсету (шетелдік аудиторияға шығу, маркетинг және PR, авторлық құқықты қорғау).

«Еліміздегі Креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады. Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі – креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамыту. Осыған байланысты АХҚО базасында басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады», — деп толықтырды Аида Балаева.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты

admin_altyalash

Самирдің жетістігі – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен отбасының қолдауына негізделген үлкен жеңіс

admin_altyalash

Әлихан Смайылов Астанада Башқұртстан үкіметі делегациясымен кездесті

admin_altyalash