Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Ақтауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті

Ұландықтар Ақтауда жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтауда жол-көлік оқиғасы тіркелді: Lada автокөлігі жарықтандыру бағанасына соқтығысты. Көлік қатты зақымданды, ал жүргізуші мен жолаушы көліктен шыға алмай қалған. Жақын жерде орналасқан 6656 Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері дереу көмекке барды. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері зардап шеккендерді көліктен қауіпсіз жерге шығарды. Алғашқы медициналық көмек көрсетті. — Біз апатты бірден байқап, дереу әрекет етуге кірістік. Зардап шеккендер есін жиғанымен, түрлі жарақат алды. Алғашқы медициналық көмек көосетіп, бірден жедел жәрдем шақырдық, — деді әскери жасақ бастығы Решат Ғазымбеков. Сондай-ақ әскерилер полиция келгенге дейіноқиға болған жерді бақылауды қамтамасыз етіп, ықтимал апаттың алдын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының ұлынан «Байсат» базарының бір бөлігі қайтарылды

admin_altyalash

Абай облысы ұлы тұлғаның атымен аталған, алаш арыстарының ізі қалған тарихы терең, табиғаты көркем өңір

admin_altyalash

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды

admin_altyalash