Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнерФотогалерея

«Шам түбіндегі шындық» жаңа тарихи-драмалық телехикаясын ұсынады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлттық мәдениет пен өнер тарихынан сыр шертетін  «Шам түбіндегі шындық» жаңа тарихи-драмалық телехикаясын ұсынады.

Телехикая Қазақ театрының 100 жылдығына арналған. Үш бөлімді сериал арқылы көрермендер сол кездегі астана Қызылорда қаласында 1925 жылы құрылған тұңғыш ұлттық қазақ театрының тарихымен, өнер ордасының Алматыға көшірілуі кезіндегі көрнекті режиссер Жұмат Шаниннің еңбегімен танысады.

Тарихи телехикаяда 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концерттегі қазақ зиялыларының  өнер көрсетуі және сол кездегі Қалыбек Қуанышбаев, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Серке Қожамқұлов бастаған қазақ делегациясы құрамындағы қайраткерлердің рөлі жан-жақты көрсетіледі.

Телехикаяның қоюшы-режиссері – Жасұлан Пошанов. Басты рөлдегі Жұмат Шаниннің жас кезін Ғалым Оспанов, есейген шағын Азамат Есқұлов ойнайды. Серке Қожамқұловтың бейнесін Жандәулет Батай, Әміре Қашаубаевты Біржан Бәзілжанов, Қалыбек Қуанышбаевты Алмас Шаяхметов сомдайды. Ал Күләш Байсейітованың рөлінде көрермен Инабат Ризабекованы көре алады.

Тарихи оқиғалармен қайта қауыштыратын телехикая «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен 27 наурыздан бастап көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті

admin_altyalash

Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды

admin_altyalash

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді  

admin_altyalash