Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы ақпар

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 29 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Астана және Шағалалы су қоймаларынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 50 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 69%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 585 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 695 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 11,3 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 8,5 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,8 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 69%-ға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 469,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 264 текше метр су жіберілуде.

Ұқсас жаңалықтар

«Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

admin_altyalash

Шиелі ауданында 3 297 жаңа жұмыс орны ашылды

admin_altyalash