Шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын жобалар мен ұйымдардың қызметін бақылау және реттеу механизмдерін жетілдіру қажет-Еділ Жаңбыршин – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын жобалар мен ұйымдардың қызметін бақылау және реттеу механизмдерін жетілдіру қажет-Еділ Жаңбыршин

03.04.2025
0
Шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын жобалар мен ұйымдардың қызметін бақылау және реттеу механизмдерін жетілдіру қажет-Еділ Жаңбыршин

фото: Мәжіліс

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-министріне!

Сауалды бірінші кезекте Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдағы ішкі саясатқа байланысты мәлімдемесінен бастағым келіп отыр. Өйткені Президент еліміздің ішкі саясатына тікелей араласқан сыртқы күштердің жұмысын сынға алып, оларға нақты мін тақты.

Мысалы, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып барады. Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақтарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты», – деді.

Өйткені геосаясаттағы доминант мемлекеттер өзінің жеке мүддесі мен саяси ықпалын жүргізіп қана қоймай, оны іске асыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып келді. Мысалы, мемлекеттердің ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған әсірефеминистік, ЛГБТ, эмо және басқа да субъмәдениеттік қозғалыстар арнайы, жоспарлы түрде миллиондаған АҚШ долларымен қаржыландырылды.

Одан қалса, олар ұлтараздық пен діни алауыздықты, сепаратизм мен трайбализмді біздің саяси күн тәртібімізге енгізуге күш салды. Мұны Президент Құрылтайда «халықаралық үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар көптеген елдің ішкі ісіне негізсіз араласты» – деп қадап айтты.

Дегенмен, соңғы кезде АҚШ-тың билігі өз ішкі және сыртқы саясатын қайта қарауда. Тіпті АҚШ-тың Конгресінде Халықаралық даму агенттігінің, яғни USAID-тің жұмысы тоқтатылатыны туралы мәселе қаралып жатыр.

Соңғы он жылдықта Қазақстанның ішкі саясатына ықпал ету үшін USAID-тен 150 млн. доллардан астам қаражат бөлініпті. Осындай ұйымдар демократиялық қағидаттарды желеу етіп, жалаң ұранмен «жұмсақ күш» арқылы өзінің жымысқы саясатын іске асыру үшін өзге мемлекеттерге қанша қаражат бөлгенін елестетіп көріңіз. Мысалы, Қиыр Шығыстағы, Орталық Азиядағы, Африкадағы, Еуропадағы бірқатар дамушы елдерде билікке қарсы төңкерістер ұйымдастырылғаны белгілі.

Бізде шетелдік грант «емізігіне» отырып алған кейбір, тағы да айтам кейбір үкіметтік емес ұйымдар  көбінесе, түймедейді түйедей қылып, негативті теріп-жинап, кураторларына өтірік есеп беріп, «ойбай бұл елде адам құқығы тапталған», «сөз бостандығы шектелген», «сіздер араласпасаңыздар құрдымға кетудің алдында тұрмыз» – деп байбалам салады. Тіпті біздегі жағдайды дамымай қалған үшінші мемлекеттермен негізсіз, дәлел-дәйексіз теңестіреді.

Оларға Қазақстанның жақсарғаны емес, шайқалғаны пайдалы. Себебі өздерінің жеке басының пайдасына, яғни «гуманитарлық бизнестеріне» қаржы керек.

Осыларды назарға алып, Бурабайда Тоқаев мырза өз сөзінде: «шетелдегі жағдайды үнемі ескеріп отыру маңызды. Бірақ біз алдымен өз еліміздің ішкі мәселелеріне ден қоюымыз керек. Біз ұлттық мүддемізді қорғау үшін алдағы уақытта да ұтымды әрі байыпты әрекет етеміз» – деп нақты тапсырма берді.

Осы ретте, біріншіден, Қазақстанда ішкі саясатты іске асыратын, оның бағыт-бағдарын анықтайтын билік институттары, Құдайға шүкір, бар.

Екіншіден, еліміздің ішкі ісіне, ұлттық идеологиясына, рухани-мәдени дүниетанымымызға, яғни ішкі саясатымызға сыртқы күштердің араласуына жол бермейміз және заң аясында батыл жауап береміз.

Мәселен, АҚШ, Қытай, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттер ішкі саясаттарына өзгелердің араласуына жол бермейтін заңдар қабылдаған.

Осыған байланысты Үкімет тез арада келесі мәселелерді қолға алуы керек:

Ең алдымен, Қаржы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдарды іске қосып, еліміздің ішкі саясатына араласуға бағытталған сырттан құйылған қаржыны анықтап, тиісті шара қабылдасын.

Келесі, шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізсін.

Сондай-ақ, шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын жобалар мен ұйымдардың қызметін бақылау және реттеу механизмдерін жетілдіру қажет.

Осыған орай бір мәселенің басын ашып алайық.

Сырттан келетін қаржы, егер таза болып, инвестиция ретінде экономиканы дамытуға құйылатын болса, экология мен денсаулық сақтау саласын жақсартатын болса, онда оған жол ашық.

Ал, егер ішкі саясатымызға қарсы, ұлттық дүниетанымымызға жат, тұрақтылығымызды шайқайтын жобаларды қаржыландырса, онда ондай ұйымдарға жол жабық.

Одан қалса Мемлекет басшысының Құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Тәуелсіздің алғалы бірінші рет елімізде ішкі саясат Тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл – ұлттық құндылықтарымыздың негізінде ішкі саясаттың бағыт-бағдарын, құрылымын және Ережелерін айқындайтын, ел мүддесі үшін саяси топтарды біріктіретін, осы шаралардың нәтижесінде мемлекетіміздің ішкі шаруасына араласқысы келетін саяси авантюристер мен деструктивті топтарға тосқауыл қоюғы мүмкіндік туғызатын стратегиялық құжат болмақ.

 

Құрметпен, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Jibek Joly туристік пойызы төртінші рет сапарға шығады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Осындай олимпиадалар – сол арманға апарар алғашқы баспалдақ деп білемін

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.