Тұрғындарға заман талабына сай қызмет көрсетілуі керек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Тұрғындарға заман талабына сай қызмет көрсетілуі керек

07.04.2025
0
Тұрғындарға заман талабына сай қызмет көрсетілуі керек

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін Семей қаласындағы негізгі медициналық мекемелерді аралады. Аймақ басшысы облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен №1 қалалық емхананың өзекті мәселелерімен танысты.
Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген. Заманауи медициналық мекеме 375 төсек-орынға арналған.
Аурухана басшысы облыс әкіміне бірқатар өзекті мәселелерді жеткізді. Жерасты суының көтерілуіне байланысты медициналық мекеменің жертөлесіне судың жайылғандығын айтты.
Аймақ басшысы бұл мәселеден хабардар екенін атап өтті.
«Ғимарат құрылысы әуелде дұрыс жоспарланбаған. Жер бедері толық зерттелмеген. Дренаж жүйесі де дұрыс жобаланбаған. Сондықтан ғимараттың іргетасына зақым келу қаупі бар. Бұл мәселені шешу үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Мәселені шешу жолдарын қарастырамыз. Жеке бақылауымда болады» деді облыс әкімі.
Бүгінде ауруханада кадр тапшылығы жоқ. Мамандарды баспанамен қамту мәселесі бар.
Қазіргі уақытта жедел жәрдем ауруханасының барлық корпустарының шатыры мен қасбеттеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұған облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Мердігер компания өкілі құрылысты жыл соңына дейін бітіретінін жеткізді. Аймақ басшысы жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтау керектігін тапсырды.
Ауруханада инсульт орталығы, эндокринологиялық, гематологиялық, кардиологиялық бөлімшелер сияқты өңірдегі бірегей медициналық құрылымдар жұмыс істейді. Сонымен қатар, хирургия, көпсалалы жарақат және ортопедиялық хирургия, урология бөлімдері тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Мұндағы қабылдау-диагностикалық бөлімше жылына 39 мыңнан астам науқасты қабылдайды. Ауруханада 12 операциялық зал бар. Соның ішінде заманауи гибридті операциялық және күндізгі стационар қарастырылған. Медициналық мекемеде жылына 9 мыңнан аса хирургиялық, травматологиялық, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық және урологиялық операциялар жасалады.

Облыс әкімі барған екінші медициналық нысан – №1 қалалық емхана. Бұл – шаһардағы ең ірі амбулаториялық мекемелердің бірі.
1977 жылы салынған екі корпусты емханада 92 дәрігер мен 189 орта медициналық қызметкер еңбек етеді. Мекеменің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Емханада 7 бөлім, денсаулық, амбулаториялық хирургия, денсаулық орталықтары, профилактика және әлеуметтік-психологиялық, балалар стоматологиясы, шұғыл медициналық көмек бөлімдері жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта ауруханаға 38 мыңнан астам адам тіркелген. Бір ауысымда 500-ге жуық науқас қабылданады.
Мұндағы өзекті мәселе – ғимараттың ескіріп, тозып тұрғандығы. Нысан бірде бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттама әзірленуде.
Аймақ басшысы медициналық мекеменің қала тұрғындары үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.
«Халықтың ең көп жүгінетін жерлерінің бірі – осы емхана. Мұнда тұрғындарға заман талабына сай қызмет көрсетілуі керек. Нысанды күрделі жөндеуден өткізуіміз қажет. Әкімдік тарапынан барлық қолдауды көрсетеміз. Өңірдегі тозығы жеткен медициналық нысандарды кезең-кезеңімен жаңғыртуды жоспарлап отырмыз» деді облыс әкімі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әрбір ұшудың артында азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу тұр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.