Сандық схемотехника және жасанды интеллект салаларында екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Сандық схемотехника және жасанды интеллект салаларында екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті

17.04.2025
0
Сандық схемотехника және жасанды интеллект салаларында екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті

Ғылым қызметкерлері күніне орай IITU-де сандық схемотехника және жасанды интеллект салаларында екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті:

– Advanced cognitive and Artificial Intelligence Research lab (ACAI Lab) – алдыңғы қатарлы когнитивтік технологиялар мен жасанды интеллектке арналған ғылыми-зерттеу зертханасы;

– «Компьютерлік инженерия» кафедрасы жанындағы сандық схемотехника зертханасы.

Бұл оқиға университеттің ғылыми экожүйесін дамыту, пәнаралық зерттеулерді кеңейту және озық технологияларды білім беру процесіне енгізу жөніндегі стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болды.

ACAI Lab – болашақтың интеллектуалдық технологиялары

«ACAI Lab» зертханасы «Когнитивтік технологиялар және жасанды интеллект» ғылыми бағытын дамыту аясында құрылды және когнитивтік ғылымдар, машиналық оқыту мен зияткерлік жүйелер тоғысында инновациялық шешімдер әзірлеуге бағытталған.

Мұнда нейрожелі архитектуралары, терең машиналық оқыту, когнитивтік модельдеу, адам мен машина арасындағы өзара әрекеттесу және зияткерлік интерфейстер салаларында зерттеулер жүргізіледі.

Сандық схемотехника зертханасы – теория мен тәжірибе арасындағы дәнекер

Сандық схемотехника зертханасы – студенттердің теориялық дайындығы мен инженерлік шешімдерді практикалық жүзеге асыруы арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Оқу-ғылыми зертхана заманауи жұмыс орындарымен жабдықталған: жеке компьютерлер, осциллографтар, сигнал генераторлары, микроконтроллерлер және бағдарламаланатын логикалық интегралдық схемалар бар. Зертхана аясында студенттер тек іргелі білім алып қана қоймай, сонымен қатар Verilog сияқты аппараттық сипаттау тілдері мен модельдеу құралдарын қолдану арқылы сандық жүйелерді жобалау бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

Зертхананың ғылыми-зерттеу тақырыптары кең ауқымды қамтиды: логикалық схемалар мен деректер беру интерфейстерінен бастап, аналогты-сандық және сандық-аналогты түрлендіру, сандық құрылғыларды синтездеу және жобалауға дейін. Оқу процесінен тыс зертханада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ғылыми жобалар жүзеге асырылады, бұл отандық әзірлемелердің халықаралық ғылыми-техникалық аренада ілгерілеуіне ықпал етеді.

Инновациялар мен серіктестік – басты назарда

Зертханалардың ашылу рәсіміне Алматы қаласының академиялық қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты: Halyk Bank Алматы филиалы директорының орынбасары Ерген Марат, Ядролық физика институтының ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Нұржан Садуев, сондай-ақ «QazPostDigital» басқармасының бас жобалық менеджері Гүлзат Бекназарова.

IITU ректоры Асылбек Исахов бұл зертханалардың ашылуы университеттің халықаралық білім беру және ғылыми стандарттарға сай болуға деген ұмтылысын көрсететінін, әрі келешектің білікті мамандарын даярлауға берік негіз қаланғанын атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Келесі айда әлеуметтік нысандардың бірқатары пайдалануға беріледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл – тек жаңа нысан ғана емес, халықтың әділдікке, заңға және теңдікке деген сенімінің нышаны

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.