Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр

22.04.2025
0
Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр

Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның креативті индустрия альянсы (CIAQ) ұйымдастыруда.

Фестиваль отандық мәдениет, өнер және білім беру саласы өкілдерінің басын қоспақ. Аталмыш іс-шара 21–26 сәуір аралығында еліміздің алты қаласында — Астана, Алматы, Павлодар, Атырау, Өскемен және Шымкентте өтеді. Фестиваль барысында шеберлік сағаттары, дәрістер, шығармашылық зертханалар, дизайнерлер, суретшілер мен иллюстраторлардың көрмелері, қолөнершілер жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар әртістер сахнада өнер көрсетіп, білім беру мекемелері, қалалық бастамалар, бизнес пен қоғамдық ұйымдар жобаларын таныстыру секілді 100-ден астам іс-шара жоспарланған.

Ұлттық креатив фестивалінің мақсаты – ел тұрғындары мен қонақтарына қатысушыларды таныстырып, креативті индустрияның дамуын қолдау. Бүгінде бұл сала әлемнің көптеген елінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бизнестің дамуына, мәдени құндылықтарды жаһанға танытуға және инновацияға оң әсер ететін қозғаушы күш ретінде танылды.

БҰҰ мәліметі бойынша, жаһандық деңгейде креативті индустрияға әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 3,1%-ы тиесілі және бұл салада еңбекке қабілетті халықтың 6,2%-ы жұмыс істейді. Олардың ішінде жастар үлесі ерекше. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай бұл сала әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ын құрауы мүмкін. Ал Қазақстанда 2029 жылға дейін креативті индустриянвң ел экономикасына қосатын үлесі 2%-ға дейін өседі деп күтілуде.

Еске салайық, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2017 жылы 21 сәуірді Дүниежүзілік креатив пен инновациялар күні деп жариялаған болатын. Бұл күннің мақсаты — шығармашылық жұмыстың өмірдің барлық салаларындағы маңызына назар аудару.

Фестивальді ұйымдастыру комитеті атап өткендей, Қазақстанның Дүниежүзілік креатив күнін атап өтуі — елдің креативті экономикаға көрсеткен қолдауы мен мәдениет, білім, инновациялар саласында халықаралық серіктестік жолындағы маңызды қадам. Ұйымдастырушылар 2026 жылы фестиваль аясын кеңейтіп, елдің барлық өңірлерін қамтуды жоспарлап отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Орталықты құрудағы негізгі мақсат – ОА елдерінің Ауғанстанмен әлеуметтік-экономикалық және іскерлік ынтымақтастығын жандандыру

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сыр өңірінде алғашқы дән себілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.