Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяны дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Президент 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекіткен болатын. Оның мерзімі аяқталып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
Президенттің айтуынша, Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту.
“Алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Біз болашақта да осы бағытта нақты шаралар қабылдаймыз. Мен 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Оның мерзімі де аяқталып келеді. Сондықтан жаңа құжатты дайындау жұмысына қазірден бастап кірісу керек, яғни, 2026-2030 жылдарға арналған басымдықтарды айқындау қажет. Тұжырымдаманың жобасында қоғамды ұйыстырып, үйлесімді дамуға жол ашатын жаңа әдіс-тәсілдер көрініс табуы керек. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың құқықтарын қорғауға арналған негізгі қағидаттар көрсетілуге тиіс“, – деді Тоқаев ассамблеяның бүгінгі сессиясында.
Ал үкімет этносаралық саладағы республикалық және өңірлік жұмыс жоспарының барлығын жан-жақты сараптап, оның тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныс енгізуі қажет.
Айтуынша, ұлт бірлігін нығайтуда барлық мемлекеттік және қоғамдық механизмдерді жетілдіруді жалғастыру керек.

Ұқсас жаңалықтар

Газбен қамтуға қатысты арыз-шағым көп – Олжас Бектенов

admin_altyalash

«Мектепке жол»: елорданың Есіл ауданында оқушыларға оқу-құралы бар 100 жиынтық сыйға тартылды

admin_altyalash

Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттауға рұқсат алды

admin_altyalash