Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

15 жыл бойы жөнделмеген 4 субұрқақ кешені ретке келтіріледі

Алматыда 15 жылда алғаш рет 4 субұрқақ кешеніне – әкімдік ғимаратының Шығыс және Батыс жапғындағы, Республика алаңындағы, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов театры жанындағы субұрқақтарға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Ғ. Мүсірепов. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінен белгілі болды.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде 5,6 млрд теңге сомасына 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалды.

Алматы әкімінің есебінде Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.

Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90% орындалды. Мұнда «Lorberg» (Германия) питомнигінен әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ірі ағаш, сондай-ақ 3300 бұта отырғызылды.

Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ірі ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_altyalash

Атырауда құтқарушылар күн сайын Жайық өзенін патрульдеуде

admin_altyalash

Астанада өткен семинарда БАҚ-пен өзара іс-қимылдың табысты болу құпияларымен бөлісті

admin_altyalash