Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

«Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылады

2025 жылғы 13 мамырдағы Үкімет отырысында Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы шешім қабылданды.
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – аэрохабтарды дамыту, әуежайлардың, автомобиль магистральдарының инфрақұрылымын жетілдіру.
Осы бағытта Қызылорда қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалына іргелес 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылады. Бұл бастама – өңір экономикасын әртараптандыруға, мұнай өндірісіне тәуелділікті төмендетуге және жаңа өндірістік бағыттарды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.
АЭА құрылымына авиацияға қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау, сондай-ақ, өнеркәсіптік аймақтары кіреді. Арнайы экономикалық аймақта құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар мен инновациялар салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Атап өту қажет, АЭА құрудың белгіленген қағидаларына сәйкес, 28 экономикалық қызмет түрінің тізбесі келісілді.
«Қорқыт Ата» АЭА құрылуы – инвестиция тартуға, өндірістік қуатты арттыруға және Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатта ғалымдарды қолдауды күшейту туралы заң қаралды

admin_altyalash

Қызылорда облысында елді қорқытып, мүлік, ақша талап еткен адвокат 5 жылға сотталды

admin_altyalash

Абай облысының конькишілері Әлем кубогында жүлдегер атанды

admin_altyalash