Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Табиғатқа бүркіттер жіберілді

Жетісу өңіріндегі «Сұңқар» жыртқыш құс бағында өсірілген төрт бүркіт табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді. Бұл сирек кездесетін түрлерді сақтап, және табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрудағы маңызды қадам.

Бүркіт – Қазақстанның символы, бұл құс күш-қуатты, еркіндікті және биіктерге ұмтылуды бейнелейді. Оның табиғи ортасына оралуы біздің табиғат пен ұлттық құндылықтарға деген құрметімізді көрсетеді.

Аталмыш шара биологиялық әртүрлілікті сақтау және жабайы табиғаттағы жыртқыш құстардың санын қалпына келтіру жұмыстары аясында  жүргізілді. Құстарды тәлімбақ мамандары табиғи жағдайда өмір сүруге бейімдеген болатын, енді олар аймақтың экожүйесінде өз орнын алмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Көлік министрі жол салатын компаниялардың басшыларына ескерту жасады

admin_altyalash

Олжас Бектенов Алатау қаласының инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларымен танысты

admin_altyalash

Елімізде жол құрылысына қойылатын талаптар қайта қаралды — ҚР көлік министрі

admin_altyalash