Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Біздің ынтымақтастығымыз сенім мен өзара түсіністік рухында дамып келеді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп пен депутат Айнұр Арғынбекова Малайзия Сенаты Төрағасының орынбасары Нұр Жазлан Мохамедпен кездесті. Тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту келешегін талқылады.

Нұртөре Жүсіп Қазақстан мен Малайзия саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытатын сенімді әріптес екенін атап өтті.

«Біздің ынтымақтастығымыз сенім мен өзара түсіністік рухында дамып келеді. Бұл ретте парламентаралық белсенді диалог маңызды рөл атқарады. Біз Сенат басшылары деңгейінде де, парламенттік достық топтары арасында да өткен кездесулерді жоғары бағалаймыз», – деді Нұртөре Жүсіп.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік байланысын дамыту және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылмен қоса бірлескен жобаларды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Нұр Жазлан Мохамед өз кезегінде сындарлы диалогты жалғастыруға және екі елдің Парламенттері арасындағы тығыз байланыстарды қолдауға дайын екенін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлемнің жетекші университеттерінің биологтар командаларын басып озды

admin_altyalash

Бұл аумақ қаланың ең көрікті орындарының біріне айналады

admin_altyalash

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_altyalash